2024 жылдың 02 сәуірінде Логистика және Көлік Академиясында Korea Transport Institute делегациясымен кездесу өтті. Талқылау барысында академиялық даярлықтың барлық деңгейлерінде бірлескен курстар мен оқыту бағдарламаларын құрудағы ынтымақтастық мүмкіндігі туралы, сондай-ақ теміржол көлігі және логистика саласында мамандандырылған бірлескен зерттеу жобаларын жүргізу және оқу бағдарламаларын әзірлеу туралы мәселелер қаралды. Студенттердің, сондай-ақ екі университет арасындағы академиялық және әкімшілік қызметкерлердің сапарларымен алмасу да талқыланды.