2024 жылдың 22-23 ақпанында Астана қаласында Narikbayev university-інде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі ҚР Агенттігі мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен ЖОО-ның оқытушыларына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру бойынша республикалық семинар болып өтті. Аталған семинарға Логистика және көлік академиясының профессорлары – т.ғ.к., проф. А.С.Абдирайымова мен соц.ғ.к., асс.проф. Н.И. Ляпбаева қатысты. Екі күндік семинар барысында антикоррупциялық пәндерді оқытудың озық әдістері талқыланды, мотивациялық семинарлар мен тренингтер өткізілді. Семинар жоғары және мазмұнды деңгейде өтті. Қатысқан оқытушыларға сертификаттар табысталды.