2024 жылғы 08 Ақпанда «Almaty clinic» медициналық орталығының өкілдерімен «Суицидтік мінез-құлық туралы мифтер», «Депрессия суицидтің қауіп факторы ретінде» тақырыптарында кездесу өтті. «Almaty clinic» медициналық орталығының директоры Кусаинова Дина Тургунбаевна және клиникалық психолог Керимова Кристина Александровна депрессиялық жағдайдан қалай шығу керектігі туралы адамның психикалық жағдайы сияқты өзекті мәселелер бойынша әңгімелесті. Презентацияда олар депрессиялық күйдің негізгі аспектілері мен фактілеріне, суицидтік ойлардың болуын көрсететін мінез-құлық ерекшеліктері туралы, депрессияға өзін-өзі күту, депрессиямен ауыратын адаммен өзін қалай ұстау керектігі туралы және депрессияны емдеу әдістерімен бөлісті. Профилактикалық әңгіме барысында студенттер өздерін қызықтыратын тақырыптарға сұрақтар қойды.