Бұл ерекше кеште университеттің жыл бойғы жетістіктері жөнініде презентация көрсетіліп, ұйымдар мен клубтардың 100-ге тарта белсенді студенттері жеке-жеке марапатталды.
2024 жылдың ең үлкен жетістіктерінің қатарында:
- “Университет” лицензиясын алып, “М.Тынышбаев атындағы ALT университеті” мәртебесіне ие болу;
- М.Тынышбаевтың 145 жылдығы және университет мұражайының 30 жылдығының атап өтілуі;
- “Miss ALT” сияқты ауқымды іс-шараның ұйымдастырылуы;
- “ZHAS GALA 2024” фестивалінде “Ең үздік шығармашыл университет” номинациясын жеңіп алу.
Сонымен қатар, студенттік басқарма 40-тан астам іс-шара өткізіп, белсенділер 48-ден астам мотивациялық кездесу ұйымдастырды. Спорттық және шығармашылық клубтар жаңа белестерді бағындырды.
“Leaders Party” кеші – ALT университетінің белсенді студенттерінің тынымсыз еңбегі мен ынтымағының символы. Бұл кеште белсенді жастардың жетістіктері лайықты түрде бағаланып, жаңа жеңістерге жол ашылды.
Алдағы 2025 жыл бұдан да табысты, жарқын сәттерге толы боларына сенеміз!