2025–2026 оқу жылының қысқы сессиясы кезеңінде ALT университетінің жылжымалы құрам кафедрасының қауымдастырылған профессоры Туркебаев М. Ж. 6В07116 – «Вагондар» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері (В-22-1к тобы) үшін «Вагондардың жөндеу технологиясы» пәні бойынша, сондай-ақ 6В07137 – «Жылжымалы құрам инженериясы» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері (УС-ИПС(В)-24-1п тобы) үшін «Вагондар мен контейнерлерді жөндеу технологиясы» пәні бойынша кейс-тапсырмаларды орындау және қорғау форматында емтихан өткізді.
Кейс-емтихан барысында студенттер презентациялық жұмыстарын ұсынып, тәжірибеге бағытталған тапсырмаларды орындап, вагондарды жөндеудің технологиялық процесіне қатысты сұрақтарға жазбаша және ауызша жауап берді. Аталған технологиялық процесс вагонды қабылдау және ақауларын анықтау, тораптар мен бөлшектерді бөлшектеу, тазалау және қалпына келтіру, құрастыру, реттеу, сынақтан өткізу және пайдалануға тапсыру кезеңдерін қамтыды.
Кейс-тапсырмаларды қорғау нәтижесінде білім алушылар Вагондар мен контейнерлерді жөндеу технологиясы жылжымалы құрам элементтерінің техникалық жағдайын бағалау, жөндеудің тиімді әдістерін таңдау, сондай-ақ нормативтік-техникалық құжаттаманы сақтау және теміржол көлігін қауіпсіз пайдалану талаптарын қамтамасыз ету салаларында қалыптасқан кәсіби құзыреттерін көрсетті.


