Select Page

2025 жылдың 18 маусым күні 6В11367 – «Жол қозғалысын ұйымдастыру» білім беру бағдарламасы бойынша бітіруші курс студенттері аттестациялық (комплексті) емтиханнан өтті. Бұл емтихан – болашақ мамандарды жол қозғалысын басқару және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында кәсіби даярлаудың соңғы кезеңі болды.

Студенттер келесі қабілеттерін көрсетті:

🔹 Профильдік пәндер бойынша теориялық білімдерін,

🔹 Көлік ағындарын талдау бойынша практикалық дағдыларын,

🔹 Қозғалысты ұйымдастыру мен реттеудің заманауи әдістерін қолдана білуін,

🔹 Қозғалыс сызбаларын жобалау, апаттылықты бағалау және оны төмендету шараларын әзірлеу қабілеттерін.

Емтихан жоғары ұйымдастыру деңгейінде өтті. Көптеген студенттер тапсырмаларды сәтті орындап, жол қозғалысын ұйымдастыру саласында кәсіби қызметке дайын екендерін дәлелдеді.

Бітіруші түлектерімізді емтиханды сәтті тапсыруымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы еңбек жолында табыс пен еліміздің жолдарындағы қауіпсіздікті арттыруға зор үлес қосуларыңызды тілейміз!

Skip to content
Приемная комиссия