Локомотив шаруашылығы жөніндегі бас директордың орынбасары Үмбетов Асан Ізтлеуұлы мен Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері Бисалов Қасқырбек Алдамжарұлы студенттермен компаниядағы мансаптық мүмкіндіктер, даму перспективалары және өз кәсіби жолдары туралы шынайы тәжірибелерімен бөлісті.
Қонақтар әрбір қызметкердің жүріп өтетін жолы, кездесетін қиындықтары мен жетістіктері туралы жан-жақты айтып берді.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС өкілдеріне ашық сұхбат пен студенттерге берген шабыттары үшін алғысымызды білдіреміз!
Осындай кездесулер жастарға нақты болашақ мүмкіндіктерін көруге және дұрыс кәсіби таңдау жасауға көмектеседі.