2025 жылғы 14 сәуірде М. Тынышпаев атындағы ALT Университетінің базасында император Александр I (СҒЗЗ ТҚА ДМ ПМБЖУ) Санкт-Петербург мемлекеттік байланыс жолдары университетінің «ЖАТ жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді автоматтандыру, диагностика және мониторинг» салалық ғылыми-зерттеу зертханасының өкілдерімен кездесу өтті.
Бұл кездесу «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының бастамасымен теміржол автоматика және телемеханикасы үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын «Автоматтандыру және басқару» БББ бойынша мамандандырылған зертханаларды қайта жарақтандыруды іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.
Кездесуге Директорлар кеңесі, Президент-Ректор, институт директорлары, «Автоматтандыру және басқару», «Энергетика» кафедраларының меңгерушілері, сондай-ақ М.Тынышпаев атындағы ALT
Университеттің кафедраларының ПОҚ қатысты.
СҒЗЗ ТҚА ДМ ПМБЖУ келгендер:
— Куренков Сергей Анатольевич, СҒЗЗ ТҚА ДМ зертхана меңгерушісінің орынбасары;
— Березина Ольга Валерьевна, жетекші инженер, АОЖ бағытының басшысы;
— Кузнецов Валерий Александрович, ПМБЖУ аға оқытушысы.
Кездесу барысында автоматтандырылған оқыту жүйелерінің (АОЖ) тренажер кешендерін, сондай-ақ АОЖ-Ш, АОЖ-ЖОО электрондық курстарын жеткізу мәселелері бойынша бірлескен қызметті іске асыру мәселелері талқыланды. Ұсынылған АОЖ тренажер кешендерінде және электрондық оқыту курстарында теміржол саласының болашақ мамандарын оқытуда да, олардың үлгерімін автоматтандырылған бақылауда да жаңа техникалық мүмкіндіктер қолданылатынын атап өткен жөн. Демек, болашақ мамандар барынша жақын пайдалану жағдайында оқытылатын болады, бұл тиісінше олардың техникалық қолдау мәселелеріне сапалы дайындығына, өндірісте орын алатын әртүрлі істен шығу түрлерін іздеуге және жоюға әсер етеді.
СҒЗЗ ТҚА ДМ ПМБЖУ -пен жемісті ынтымақтастыққа шын жүректен үміттенеміз!