Select Page

2025 жылғы 23–26 қыркүйек күндері Бурабай кентінде ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны (МЕММ) қорғау жөніндегі 2003 ж. Конвенциясын іске асыруға арналған оқыту семинары өтті. Бұл іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды.

Семинарға еліміздің әр аймағынан келген 30-дан аса маман қатысты. Бағдарлама аясында қатысушылар үшін халықаралық және отандық сарапшылар уоркшоптар өткізіп, тәжірибе бөлісті. Атап айтқанда, ЮНЕСКО-ның халықаралық фасилитаторы Ц. Цэрендорж, Азия–Тынық мұхиты өңірлік тізілімі бойынша ЮНЕСКО кіші комитетінің мүшесі, Қырғызстандағы Ала-Тоо халықаралық университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры А. Қожабекова және 2003 жылғы Конвенция бойынша халықаралық фасилитатор, ЮНЕСКО-ның 2-санаттағы орталықтарымен жобалар жүзеге асыруға маманданған тренер С. Баженеева өз тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстанның Ұлттық тізіміне енгізілген материалдық емес мәдени мұраны құжаттау тәсілдерін үйреніп, шетелдік тәжірибені зерделеді, сондай-ақ ЮНЕСКО Конвенциясы аясындағы соңғы үрдістерді талқылап, жаңа әдістемелерді меңгерді. 3 күндік оқу бағдарламасы «МЕММ-ны қорғау жөніндегі халықаралық саясатқа кіріспе», «2003 жылғы Конвенция: сақтау шаралары, саясаты және институттар», «Қоғамдастыққа негізделген инвентаризация (түгендеу жүйесінің негізін әзірлеу)» және басқа да өзекті тақырыптарды қамтыды. Семинарға шақырту алған М.Тынышбаев атындағы ALT университетінің сениор-лекторы, антрополог Манат Қанағатұлы, профессор Ардақ Серикбаевна, сениор-лектор Парасат Маратовна қатысты. Іс-шара барысында оқытушы Манат Қанағатұлы интервьюге қатысып, өз пікірімен алмасты. Оның айтуынша, іс-шара теориялық жағынан ғана емес, тәжірибе тұрғысынан да пайдалы болды. «Бұл семинарда  тренерлердің материалдық емес мәдени мұраның әралуандылығын ерекше көрсете білгендігін атап өткім келеді. Олар әр аймақтың рухани мәдениетіне тән ерекшеліктерге назар аударып, мұраларды бірдей деңгейде сақтау мен құжаттау ісінің маңызын екшеді.  Осы орайда, рухани мәдениетті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп жүрген мамандар жұмысының халықаралық деңгейде насихатталуы әр елдің мәдени саясатының сапалы жүргізіліп жатқанын айқындайтынын да айта кеткен жөн».

Skip to content
Приемная комиссия