Select Page

2025 жылғы 25 шілдеде М.Тынышпаев атындағы ALT университетінде Мақан Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясының курсанттарына «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» тақырыбындағы кәсіби даму курстарын сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар салтанатты түрде табысталды.

2025 жылғы 16 маусым мен 27 шілде аралығында университет базасында курсанттардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құзыреттіліктерін арттыруға бағытталған кәсіби даму курстары өтті. Оқыту барысында курсанттар теориялық және практикалық сабақтардан өтті.

Сабақтарды университеттің жетекші профессорлары — Абиббулаев С.Ш., Есенғалиев М.Н. және Дюсенғалиева Т.М. жүргізіп, курсанттардың кәсіби білімдері мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға зор үлес қосты.

Ерекше назар көлік және жол саласындағы жетекші ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырылған көшпелі практикалық сабақтарға аударылды. Курсанттар Hyundai, Mercedes-Benz, ҚазАвтоЖол, Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы, БАКАД, Асфальтобетон, Алматыэлектротранс (№1 троллейбус паркі) және басқа да мекемелерде болып, тәжірибе жинақтады.

Болашақ құқық қорғау қызметкерлері заманауи жол инфрақұрылымымен, мониторинг жүйелерімен, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету технологияларымен және кәсіпорындардың ішкі құрылымымен танысты. Бұл алған білімдері мен тәжірибелері олардың алдағы кәсіби қызметінде берік негіз болады.

Skip to content
Приемная комиссия