ALT JAIDARMAN клубының ұйымдастыруымен өткен «Open mic stand up» кеші көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады. Бұл сахна — батыл ойдың, шынайы сөздің және юмор арқылы айтылған шындықтың алаңы болды.
Клубымыздан 10 комик сахнаға шығып, өз өмірінен алынған монологтарымен көрерменнің жүрегіне жол тапты. Әр әзіл — ойландырып, әр күлкі — бір сәтке болса да күнделікті күйбеңнен алыстатты.
Бұл кеш — тек күлкі емес, бұл өз-өзіңді табу, сахнада еркін болу, тыңдалу мүмкіндігі. Алда бұдан да жарқын кештер күтіп тұр.


