Select Page

Бұл күндері шамамен 1500 студенттен нормабақылау қабылданды. Тестілеу барысында студенттердің күш, төзімділік және жылдамдық көрсеткіштері бойынша нормативтер тексерілді.

Әскери кафедраға іріктеу талаптарына сай, үміткерлер 100 метрге жүгіру, тартылу , 3 км жүгіру сияқты негізгі жаттығуларды орындады. Әрбір студенттің көрсеткіштері арнайы хаттамаларға тіркеліп, одан әрі іріктеу кезеңдерінде ескерілетін болады.

Тестілеу процесі әділ әрі ашық өтті. Қауіпсіздік шаралары сақталып, медициналық қызметкерлер дайын тұрды. Шараға дене тәрбиесі және әскери кафедра оқытушылары жұмылдырылып, ұйымдастырушылық жағынан жоғары деңгейде өткізілді.

Skip to content
Приемная комиссия