3-қазанда Логистика және көлік Академиясында Аманат партиясы Алматы қаласы «Жастар Рухы» Жастар Қанатының төрағасы-Кеңесов Әкежан ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында студенттермен кездесіп, Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылдың 1 қыркүйегі күнгі Жолдауын талқылады. Жолдауда айтылған әр бағдарға кеңінен тоқталып, әр сала бойынша межелі міндетер халыққа қарапайым тілде түсіндірілді.