Жәрмеңке тақырыпқа сай ерекше безендіріліп, студенттер өз қолдарымен әзірлеген түрлі тағамдар мен тәттілерді ұсынды.
Көңілді музыка, жылы атмосфера мен креативті стендтер іс-шараның көркін арттырды.
Ең маңыздысы – жәрмеңкеден түскен қаражаттың бір бөлігі қайырымдылыққа бағытталады.
Бұл шара студенттердің ұйымшылдығын, мейірімділігін және әлеуметтік жауапкершілігін айқын көрсетті.
«Посвящение — 2025» – бұл тек дәстүр ғана емес, жастардың жүрегін біріктіретін игі бастама!


