2025 жылдың 14 қарашасында «Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым» бағыты аясында 1-курс студенттеріне арналған «3D модельдеу және визуализация» пәні бойынша шығармашылық конкурс өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттердің заманауи цифрлық технологияларға қызығушылығын арттыру, 3D модельдеу дағдыларын дамыту және оларды болашақ IT индустриясының талаптарына бейімдеу.
Қатысушылар төрт командаға бөлінді:
КОМАЕДА RenderForce (капитаны Орынбек Рамазан),
PolyMasters (капитаны Аманов Али),
FormLab (капитаны Сахыев Бауыржан)
LightCraft (капитаны Нұрқасым Мирас).
Конкурс барысында студенттер Blender бағдарламасында «Алматы – болашақтың цифрлық экожүйесі» тақырыбында 3D жобалар жасады, теориялық викторина сұрақтарына жауап берді және 25 минут ішінде ас бөлмесінің 3D моделін әзірлеу бойынша практикалық тапсырманы орындады. Жеңімпаздар 20 000, 15 000 және 10 000 теңгелік ақшалай сыйақылармен марапатталды, ал барлық қатысушылар мен команда капитандары сертификаттар мен дипломдарға ие болды. Екі айлық дайындық кезеңінде студенттердің кәсіби деңгейінің junior-дан middle деңгейіне дейін өскені байқалды.
Конкурстың ұйымдастырушысы – ИКТ кафедрасының оқытушысы Айгерим Қайыржанова, 3D модельдеу дағдыларын дамытуға бағытталған тәжірибелік байқауды қолға алған.


