Бұл күн – мейірімді жүрек пен жанашырлықтың, жауапкершілік пен белсенділіктің шынайы мерекесі. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен қала жастарына арналған кең ауқымды форум ұйымдастырылып, маңызды күн ерекше рухта атап өтілді.
Университетіміздің «I’m Volunteers» еріктілер командасы да осы игі шараның белсенді қатысушыларының қатарында болды. Олар өз энергиясымен, белсенділігінен төгілген жылулығымен форумның әсерлі атмосферасын толықтырып, нағыз ынтымақтастық рухын қалыптастырды.
Форум барысында қатысушыларды қызықты ойындар, өзара танысуға бағытталған интерактивтер және жаңа серіктестіктерге жол ашатын белсенді алаңдар күтті. Волонтерлар бір-бірімен ой бөлісіп, тәжірибе алмасып, жаңа идеяларға шабыт алды.
Кеш соңындағы ерекше концерттік бағдарлама мерекелік көңіл-күйді одан әрі арттырып, форумды шын мәніндегі ұмытылмас кешке айналдырды. Музыка, позитив және еріктілердің шексіз энергиясы – бәрі бір арнаға тоғысып, жүрекке жылы әсер қалдырды.
Бұл күн – қоғамның дамуына үнсіз, бірақ үлкен ықпал етіп жүрген барлық волонтерлерге алғыс айту күні.
Олардың мейірімді жүрегі, жауапкершілігі және белсенділігі — қаламызды жақсы жаққа өзгертіп келе жатқан үлкен күш.


