2026 жылғы 14 қаңтарда «6B06118 — Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламасы бойынша аттестациялық кешенді емтихан өтті. Емтихан комиссиясының төрағасы — Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ақпараттық және есептеу технологиялары институты бас директорының орынбасары Мамырбаев О.Ж.
Емтихан бекітілген кестеге және қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес өткізілді. Аттестациялау рәсімі ұйымдастырушылық және әдістемелік тұрғыдан тиісті деңгейде өтті. Білім алушылар білім беру бағдарламасының негізгі пәндері бойынша теориялық білімдері мен практикалық дағдыларының жеткілікті деңгейін көрсетті.
Бұл шығарылым «6B06118 — Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламасы бойынша алғашқы түлектер легі болып табылады және кафедраның білім беру қызметін дамытудағы маңызды кезең болып саналады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасы түлектерді қорытынды аттестациядан сәтті өткенімен құттықтай отырып, кәсіби жетістіктер, сенімді мансаптық өсу және алған білімдерін тәжірибеде табысты іске асыруды тілейді.


