2026 жылғы 13 қаңтарда «6В07323 – Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» білім беру бағдарламасы бойынша бітіруші курс студенттері үшін аттестациялық кешенді емтихан өткізілді.
Емтихан барысында білім алушылар теміржол құрылысы, автомобиль жолдары мен жол шаруашылығы салаларындағы теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті. Студенттер жобалау, құрылыс, пайдалану және жол инфрақұрылымын басқару бағыттары бойынша кәсіби дайындық деңгейін дәлелдеді.
Аттестациялық комиссия мүшелері білім алушылардың жауаптарын жан-жақты бағалап, олардың кәсіби құзыреттері мен болашақ еңбек қызметіне дайындығына ерекше назар аударды. Аттестациялық кешенді емтихан бекітілген талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті.


