Select Page

8 сәуірде ALT университетінде М.Тынышпаев атындағы университетте «ҚТЖ» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» жұмыс берушілерімен форсайт-сессиясы өтті. Оған ЦП басшысы Бубиканов А.С., жол дистанцияларының директорлары және «Көлік құрылысы» кафедрасының оқытушылары, 6В07336 – Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, 6В07321 – Көпірлер, тоннельдер және метро құрылысы білім беру бағдарламаларының әзірлеушілері қатысты. Сессияда осы білім беру бағдарламалары бойынша кадр даярлаудың сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында түлектердің біліктілігі, «ҚТЖ» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалымен университеттің өндірістік және диплом алдындағы практика ұйымы, сондай-ақ дуальды білім беру жүйесі мәселелері қаралды.

Skip to content
Приемная комиссия