Select Page

2025 жылғы 2 мамыр күні ALT Университетінде «Көлік құрылысы» кафедрасының «8D07164 – Көлік инфрақұрылымының инженериясы» білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс докторанттары жылдық ғылыми есептерін ұсынды. Кунанбаев А.К. пен Иманкулова А.С. 2024–2025 оқу жылындағы зерттеу нәтижелерімен бөлісті.
Докторанттардың баяндамалары зерттеу тереңдігімен, тақырып өзектілігімен және ғылыми дәлелдемелермен ерекшеленді. Жас ғалымдар диссертациялық жұмыстарындағы ілгерілеуді және жоғары академиялық дайындық деңгейін көрсетті.
«ALT Университеті» ғылыми әлеуетті дамытып, көлік саласындағы болашақ көшбасшыларды даярлауға жағдай жасап отырғанына мақтаныш етеді.
Алда – тың ғылыми жаңалықтар, халықаралық басылымдар мен сәтті қорғаулар болсын! 
Бірге – ғылым шыңына!

Skip to content
Приемная комиссия