9 қараша күні ALT University волейбол құрамасы Алматы студенттік лигасы аясындағы кезекті ойынын Энергетика және байланыс университетінің (АУЭС) спорт залында өткізді.
Команда KBTU университетінің құрамасымен кездесіп, сенімді ойын көрсетіп, матчты 2:1 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Біздің спортшылар жоғары дайындық деңгейін, жинақылық пен төзімділікті көрсетті. Матчтың алғашқы минуттарынан бастап ALT University ойын барысын өз бақылауында ұстап, ұйымшыл әрі батыл ойын өрнегін көрсетті.


