2026 жылғы 30 сәуірде ALT университетінде ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлы мұрасына арналған «Толық адам» рухани-танымдық іс-шарасы өтті. Шара Language Education кафедрасының ұйымдастыруымен, сениор-лекторлар Мадениет Нургуль, Садыхан Дана Тастанбекқызы және Аманбаева Акеркенің жетекшілігімен жүзеге асырылды.
Аталған шараның басты мақсаты – студент жастардың бойында адамгершілік, парасаттылық, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру және Абайдың «Толық адам» ілімін заманауи тұрғыда түсіндіру болды.
Іс-шараға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Азаматтық авиация академиясы, Almaty Management University, Қазақ-Ресей медициналық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті және ALT University студенттері қатысты.
Іс-шара БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының №16 – бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар бағытына сәйкес келеді.


