2025 жылғы 23–24 мамыр күндері
Абай облысы, Семей қаласы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің бастамасымен «Абайдың толық адам тұжырымдамасы: ұлттық мұра және қазіргі көзқарас» тақырыбында республикалық форум өтті.
Форум жұмысына еліміздің түкпір-түкпірінен 70-ке жуық жоғары оқу орнының әлеуметтік-тәрбие жұмысына жауапты басшылары, жастар ісі жөніндегі бөлім өкілдері, өңірлік студенттік омбудсмендер мен белсенді студенттер қатысты.
Форум бағдарламасы аясында тәжірибе алмасуға бағытталған пленарлық сессиялар ұйымдастырылып, түрлі салада белсенділік танытқан студенттер арнайы марапатталды. Олардың қатарында:
-
Ембергенова Сабина Асқаровна – ALT Университетінің Студенттік үкімет Президенті
-
Рүстембекова Дана Нұржанқызы – Университеттің студенттік омбудсмені
Екеуі де ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің алғыс хатымен марапатталды.
Осы мүмкіндікті ұсынған М.Тынышбаев атындағы ALT Университетінің Басшылығына шын жүректен алғысымызды білдіреміз!