Университетіміз өз қызметіне орнықты даму қағидаттарын біріктіреді, орнықты дамудың 17 мақсатын көрсететін экологиялық және әлеуметтік мәселелер өзекті және кез келген ұйымға әсер ететінін түсінеді. Осы бағытта ТДМ (Тұрақты даму мақсаттары) бағдарламасы аясында 5 желтоқсан 2025 жылы «Language education» кафедрасында «Адам мен табиғаттың экологиялық өзара әрекеттесуі» атты студенттер арасында пікірталас ұйымдастырылды.
Іс-шара мақсаты: студенттердің қоғамдағы экологиялық мәселеге көңіл аударту, көзқарас пен түсінік қалыптастыру. Бұл іс-шарада білім алушылар қызу пікірталасқа түсті. Пікірталасты кафедра сениор-лекторы Досжанова Г.Н. 1-курс студенттерінің арасында өткізді.


