Select Page

2025 жылдың 10 қыркүйегінде Мухамеджан Тынышпаев атындағы «ALT Университеті» АҚ-ның Әскери істер институтында салтанатты жағдайда полковник, отставкадағы Черновол Сергей Петровичтің 70 жылдық және запастағы майор Харесова Мадина Шоровнаның 50 жылдық мерейтойына орай құрмет көрсету рәсімі өтті.

Көп жылдар бойы өздерінің аса маңызды миссиясын абыроймен және лайықты түрде атқарып келе жатқан қызметкерлердің еңбегі Әскери істер институтының бастығы, запастағы полковник Ишанов Е.Х. және университеттің кәсіподақ ұйымының жетекшісі Қ. Доштаев тарапынан атап өтілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша отставкадағы полковник Черновол С.П. мен запастағы майор Харесова М.Ш. медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мерейтой иелерін құттықтаймыз!

Skip to content
Приемная комиссия