Select Page

Бүгін ALT университетінде Әскери хабарламалар мен тасымалдауды әуе, су және темір жол көлігімен жеткізу басқармасының  ардагерлерін мадақтау рәсімі өтті. Бұл маңызды шара ардагерлердің ерен еңбегін бағалап, олардың ерлік жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында ұйымдастырылды.

Рәсім барысында қатысушылар кешегі өткен тарих пен бүгінгі жағдайды саралап, маңызды әңгімелер қозғады. Ардагерлер өздерінің әскери қызмет жолындағы қиындықтары мен жетістіктері туралы айтып, жастарға тағылымды кеңестер берді. Олар өздерінің міндеттерін адал атқару арқылы елге қызмет етудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Әскери хабарлама мен тасымалдау ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, марапатталды. Университет басшылығы,  шақырылған қонақтар мен ардагерлердің жасаған еңбегін жоғары бағалап, олардың ел алдындағы еңбектері ұмытылмайтынын жеткізді. Сонымен қатар, жас ұрпаққа патриотизм мен жауапкершілікті дәріптеу мақсатында, Алматы ардагерлер кеңесінің төралқасы атынан Ұлы жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы 100 жылдық мерейтойы төсбелгісін корпоративтік және әлеуметтік даму проректоры Иванов Андрей Александровичке табысталды.   

Осындай іс-шаралар Отансүйгіштікті нығайтып, ардагерлеріміздің еңбегін ұмытпай, құрмет көрсетуге бағытталған игі бастама болып табылады. 

Студенттерге ардагерлердің қызмет жолындағы әңгімелері ерекше әсер қалдырды.

Skip to content
Приемная комиссия