2025 жылғы 25 қараша күні М. Тынышбаев атындағы ALT Университеті АҚ-ның Әскери іс институтында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Қызметтік кинология басқармасы мамандары келесі тақырыптар бойынша көрсетілім сабақтарын өткізді:
1.Қызметтік иттерді пайдалана отырып жарылғыш және есірткі заттарды іздеу және анықтау.
Кинология қызметінің мамандары арнайы үйретілген иттердің тыйым салынған заттарды тиімді анықтау бойынша тапсырмаларды қалай орындайтынын көрсетті.
2.Оқу-жаттығу «бұзушысын» ұстау.
Оқу алаңында шартты бұзушыны ұстау сценарийі көрсетілді.
Қызметтік ит қуу және нысананы бекіту техникасын жоғары деңгейде орындап көрсетті.
Көрсетілім сабақтары Әскери іс институтының студенттері кинолог қызметінің ерекшеліктерімен жақынырақ танысуға, кәсіби білімдерін кеңейтуге және қызметтік дағдылардың нақты жағдайға жақын ортада қалай қолданылатынын көруге мүмкіндік берді.


