Select Page

2026 жылғы 3 сәуірде М. Тынышпаев атындағы ALT Университетінің Әскери іс институты мен «Көлік қызметтері және бизнес» кафедрасы әскери қатынастар органдарының құрылуына 32 жыл толуына орай салтанатты жиын өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты — әскери логистика саласындағы кәсіби білім сабақтастығын нығайту. Бұл бастама ТДМ 4 (Сапалы білім беру) және ТДМ 16 (Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар) шеңберінде ұйымдастырылды. Кештің құрметті қонағы, генерал-майор Махмұт Тілеғұсов әскери логистиканың ел қорғанысы мүддесіндегі стратегиялық маңызына тоқталды.

Салтанатты шара барысында сала ардагерлері медальдармен және грамоталармен марапатталды. Мереке студенттер дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталып, аға буынға деген шынайы ризашылықтың белгісі болды.

Skip to content
Приемная комиссия