2026 жылғы 13 наурызда Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университетінің Әскери іс институты «Біздің үй» қарт адамдарға арналған пансионатына қайырымдылық сапарын ұйымдастырды. Бұл іс-шара халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету және ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында өткізілді.
Сапар барысында пансионаттың 28 тұрғынына азық-түлік және қажетті дәрі-дәрмек түрінде көмек көрсетілді. Сонымен қатар, Халықаралық әйелдер күніне орай студенттер мерекелік концерт қойып, пансионат әйелдеріне гүл шоқтарын тарту етті.
Тұрақты дамуға қосқан үлесі: Бұл бастама БҰҰ-ның №10 «Теңсіздікті қысқарту» тұрақты даму мақсатына тікелей сәйкес келеді. Ол қоғамдағы әлеуметтік инклюзияны нығайтуға және студенттердің азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған.


