2026 жылғы 20 наурызда ИВД бастығы запастағы полковник Е.Х. Ишанов бастаған Мұхамеджан Тынышпаев атындағы Alt университетінің әскери істер институтының ұжымы қарттарға арналған «Шаңырақ әлеуметтік қызметтер орталығы»пансионатына сапар ұйымдастырды.
Пансионатта барлығы 289 қарт адам тұрады. Оның ішінде: 158 ер адам, 131 әйел.
Акцияның мақсаты халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау және аға буынға көңіл бөлу болды. Сапар бағдарламасына мыналар кірді:
— Ауданы 3,5 га пансионат аумағын жинау;
— Наурыз мейрамына орай студенттер дайындаған мерекелік концерт.
Тұрақты дамуға қосқан үлесі: бұл бастама №10 «теңсіздікті қысқарту» ТДМ міндеттерін іске асырады, жастардың әлеуметтік жауапкершілік сезімін тәрбиелеу және әлеуметтік бірлікті нығайтуға ықпал етеді.


