Select Page

2026 жылғы 17 наурызда Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университеті, Логистика және бизнес институтының «Language Education» кафедрасы халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету және ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Шара аясында Алмалы ауданында тұратын зейнеткер Зоя Борисовна Носонкинаға (Қазыбек би көшесі, 116-71) азық-түлік және қажетті заттар түрінде көмек көрсетілді.

Тұрақты дамуға қосқан үлесі: Бұл бастама «Теңсіздікті қысқарту» (ТДМ 10) тұрақты даму мақсатына тікелей сәйкес келеді. Ол қоғамдағы әлеуметтік инклюзияны нығайтуға және студенттердің азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Skip to content
Приемная комиссия