Академиямыздың Президент–Ректоры Салтанат Амиргалиева іс-шарадан тыс «Қазақстан темір жолы» Басқарма Төрағасының Орынбасары Альмагамбетов Қанат Есмухановичке «Құрметті профессор» атағын табыстады. Қанат Есмуханович «Қазақстан темір жолы» мен «Логистика және көлік академиясының» ынтымақтастығын білдіре отырып, бітіруші түлектерді жұмыспен қамтуға дайын екенін айтып өтті. Және қонағымыз Қанат Есмуханович пен Президент-Ректор Салтанат Нурадиловна бірінші болып 7 докторант пен 38 магистранттарға диплом табыстады. Келесі 21 қызыл диплом иегерлерін Қазақстан Темір Жолы түрлі бөлімшелерінің басшылары Толегенов Ермек, Махамбет Мухтар, Есенкулов Абильгазы, Тышканбаев Даулет, Рсымбетов Жаркынбек мырзалар марапаттады. Тағы бір арнайы қонағымыздың бірі, Экономика ғылымдарының магистрі, ҚТЖның «100 жас есім жобасының жеңімпазы» Бимбетова Диана Багдатовна өзінің тәжірибесімен бөлісіп, түлектерге арнайы дайындаған бағдарламасын таныстырды.
Іс-шара барысында Академиямыздың қызмет проректоры Жармагамбетова Меруерт Советовна мен Корпоративтік және әлеуметтік даму проректоры Иванов Андрей Александрович бітіруші түлектер арасында үздік студенттер мен белсенді студенттердің көп екенін ерекше атап өтіп, иегерлерге арнайы алғыс хат табыстады. Және 363 диплом иегерлерін институт директоры табыстап, ізгі тілек-ниеттерін білдірді. Ал түлектер Академия қабырғасында сапалы білім алумен қатар, тұлға ретінде қалыптасып, жан-жақты мол тәжірибе жиғандарын толқыныспен жеткізді. Академия басшылығына оқу кезінде жасалған зор мүмкіндік пен қолдау үшін алғыс айтып, өз кезегінде ел игілігі жолындағы еңбекке дайын екендерін білдірді.
Құрметті жас түлек! Алған дипломдарыңыз және үлкен өмір арнасына басқан қадамдарыңыз құтты болсын. Логистика және көлік академиясы сіздерді мақтан етеді.