Діни экстремизм мен терроризмге қарсы алдын алу жолдары туралы эдвайзерлермен және студенттермен сөйлесу қоғамдағы қауіпсіздік пен бейбітшілік үшін өте қажет. Кездесу барысында бірнеше негізгі мәселелер қозғалып, тақырып аясында көптеген пайдалы ақпараттар берілді.
Атап айтсақ, студенттерге діни экстремизм мен терроризмнің айырмашылығы, интернеттің, әлеуметтік желілер мен деструктивті діни топтардың жастарға әсері, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес кезінде адам құқықтарын сақтау қажеттілігі, жастардың өзін-өзі тәрбиелеу, сындарлы ойлау және толеранттылық қабілеттерін дамытуы және де қоғамдық ұйымдардың, жастардың және билік өкілдерінің бірге жұмыс істеуінің маңызы жайлы сұхбат өтті.