Select Page

2026 жылдың 2-6 ақпан аралығында No4 Тұрақты даму мақсатын (ТДМ) жүзеге асыру мақсатында «Сапалы білім беру» «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене шынықтыру» кафедрасының оқытушылары А.А.Иманбаева, М.Ж. Кундакова және А.С. Өтешова АЛТ университетінің 1 және 2 курс студенттеріне музей құжаттарымен және құнды жәдігерлермен таныстыру мақсатында Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мұражай-үйіне танымдық экскурсия өткізді.

Экскурсия барысында студенттер ұлт ұстазының өмірі мен шығармашылығымен танысып, оның ғылыми, ағартушылық және қоғамдық қызметі туралы құнды мәліметтер алды. Музей қорындағы жеке заттар, қолжазбалар мен тарихи құжаттар студенттерге үлкен әсер қалдырды.

Танымдық іс-шара студенттердің тарихи санасын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға ықпал етті.

Skip to content
Приемная комиссия