Select Page

2026 жылғы 10 қарашада М. Тынышпаев атындағы ALT University Технология мектебінің Компьютерлік ғылымдар департаменті Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Инженерия факультетімен бірлесіп, AI DIALOGUE 2026 халықаралық онлайн телемостын өткізді. Кездесу Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылды.

Телемостың тақырыбы — «Жасанды интеллект дәуірі: жаңа мүмкіндіктер мен сын-қатерлер». Ашық ғылыми диалогке Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстан университеттерінің ғалымдары мен оқытушылары қатысты.

Кездесуді ашқан ұйымдастырушылар мамандарды кәсіби мерекесімен құттықтап, қоғамның цифрлық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Қатысушылар жасанды интеллектті оқытуда, ғылыми зерттеулерде және университеттерді басқаруда қолдану тәжірибесімен бөлісті. Олар осы технологиялардың мүмкіндіктерін, тәуекелдері мен этикалық мәселелерін, сондай-ақ алдағы 5–10 жылда жасанды интеллекттің жоғары білімге, зерттеу жұмысына және оқытушының рөліне ықпалын талқылады.

Телемост тақырыбы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына, атап айтқанда, 4-ТДМ «Сапалы білім», 9-ТДМ «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» және 17-ТДМ «Тұрақты даму үшін серіктестік» мақсаттарына сәйкес келеді. Кездесу университеттерге жасанды интеллектті білім беруге енгізу тәжірибесімен алмасуға және бірлескен зерттеулерді талқылауға мүмкіндік берді.

Қатысушылар халықаралық гранттарға, академиялық ұтқырлыққа, жас ғалымдар мен докторанттардың ынтымақтастығына ерекше назар аударды. Кездесу қорытындысында университеттер жасанды интеллект саласындағы ортақ бастамалар бойынша алдағы жұмыс бағыттарын белгіледі.

Қатысушыларға мазмұнды пікірталас пен нақты ұсыныстары үшін алғыс білдіреміз. Цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, жаңа жобаларына табыс тілейміз!

Автор: Өмірбекова З. М.

Skip to content
Приемная комиссия