2025–2026 оқу жылының екінші семестрінде Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университетінің 126 студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Халықаралық Қырғызстан университетінде білім алуда.
Оқу «Менеджмент», «Экономика», «Қаржы» және «Ақпараттық жүйелер» бағыттары бойынша жүзеге асырылуда. Семестр барысында студенттер бейіндік пәндерді меңгеріп, білімдерін кеңейтіп, еңбек нарығының заманауи талаптарына сай практикалық дағдыларды игеруде.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттерге жаңа білім беру және мәдени тәжірибе алуға, сондай-ақ кәсіби құзыреттерін нығайтуға мүмкіндік береді. Студенттер оқу үдерісіне, ғылыми және тәжірибеге бағытталған іс-шараларға белсенді қатысып, Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университетінің халықаралық деңгейдегі беделін арттыруда.
Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университетінің академиялық ұтқырлықты студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуының маңызды құралы ретінде қарастырады. Халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысу білім алушыларға икемді дағдыларды дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге және жаһандық білім беру ортасына бейімделуге мүмкіндік береді.


