Select Page

2023 жылдың 21 сәуірінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Язык есть исповедь народа» атты орыс тілі білгірлерінің Республикалық сайысы өтті. Біздің «ЛОКОМОТИВ» командасы осы республикалық байқауда лайықты өнер көрсетті! Команда мүшелері: Қосанов Диас – капитан, ЦЛ-22-1к тобы, Ерболатова Аружан – ЖППХ-22-1к тобы, Асанбаев Асанәлі – РЭТ-22-4к тобы, Жәнібекова Арайлым – РЭТ-22-4к тобы, Ахметов Қуаныш – РЭТ-22-4к тобы, «Тілдік дайындық» кафедрасының оқытушылары К.Т. Джакипова, А.К. Нұрқасымова жетекшілігімен жүлделі 3-ші орынды иеленді (бірінші және үшінші турларда біз 1-ші орында болғанымызды атап өткен жөн). Қатысушы студенттерімізге үлкен алғысымызды білдіреміз.

Приемная комиссия