Select Page

ALT University-де Логистика және көлік академиясының Алматы колледжінің (АКАЛиТ) түлектері үшін кампус-тур және кәсіби бағдарлау кездесуі өтті.

Іс-шара барысында студенттер университетпен, оның білім беру ортасымен және инфрақұрылымымен танысып, колледжді аяқтағаннан кейін оқуды жалғастыру мүмкіндіктері туралы білді.

Университет өкілдері оқуға түсу ережелері, шекті балдар, білім беру гранттары байқауына қатысу мүмкіндіктері, оқу мерзімдері мен форматы, сондай-ақ ALT University-де жоғары білім алудың артықшылықтары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Мұндай кездесулер түлектерге болашақ білім беру және кәсіби бағытын айқындауға, көкейкесті сұрақтарына жауап алуға және болашақ мансабына сенімді қадам жасауға көмектеседі.

ALT University — кәсіби өсу мен табысты болашаққа ашылатын жаңа мүмкіндіктер!

Автор: Нышанбекова Қ. Қ.

Skip to content
Приемная комиссия