Select Page

2026 жылғы 19 сәуір күні сағат 19:30-да Forum Mall сауда-ойын-сауық орталығында СИБ 25-1К-2К тобы студенттерінің қатысуымен тәрбиелік және мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға ИКТ кафедрасы бойынша тәрбие жұмыстарына жауапты тұлға Мұқият Мейір жетекшілік етті.

Кино кеші аясында студенттер «Мошенники» фильмін тамашалады. Фильмде заманауи алаяқтық түрлері, адамдарды алдау тәсілдері және қаржылық қауіпсіздік мәселелері кеңінен көрсетілген. Әсіресе түрлі алаяқтық схемалардың жүзеге асу жолдары мен олардың қоғамға тигізетін кері әсері нақты мысалдар арқылы ашып берілген.

Аталған фильм СИБ (ақпараттық қауіпсіздік) бағыты бойынша білім алып жатқан студенттер үшін ерекше маңызға ие болды. Көрсетілген оқиғалар олардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік беріп, киберқауіпсіздік, деректерді қорғау және алаяқтықтың алдын алу бағыттарында қосымша түсінік қалыптастырды.

Іс-шара барысында студенттер қоғамдық тәртіпті сақтап, жоғары мәдениет деңгейін көрсетті. Көрсетілімнен кейін фильм мазмұны бойынша пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойларымен бөлісті.

Мұндай форматтағы кездесулер студенттердің өзара қарым-қатынасын нығайтып, топ ішінде жағымды атмосфера қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, олардың кәсіби қызығушылығын арттырып, білімдерін өмірлік тәжірибемен байланыстыруға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, танымдық кино кештері студенттердің жан-жақты дамуына, сыни ойлау қабілетін жетілдіруге және ұжымдық рухты нығайтуға оң әсерін тигізеді.

Skip to content
Приемная комиссия