Select Page

Ағымдағы жылдың 24 қараша күні Satbayev University қабырғасында Алматы қаласы университеттері арасындағы республикалық ALMA Liga КВН байқауы жоғары деңгейде өтті. Бұл думанды додада университет намысын студенттік «Jaidarman» клубының «ҚыздарMAN» және «Логистикс» командалары абыроймен қорғап, үздік өнер көрсетіп, финалға жолдама алды.

Олардың тапқырлығы мен таланты, сахнадағы жарқын энергетикасы көрермендерді тәнті етіп, қазылар алқасының да жоғары бағасына ие болды.

Енді алда — ақтық сын. Біздің талантты жастарына шабыт пен сәттілік серік болсын! Университетіміздің атын тағы да биіктен көрсетеді деп сенеміз!

Skip to content
Приемная комиссия