Ағымдағы айдың 3-ші жұлдызында университет қабырғасында Алмалы ауданындағы демалыс орталықтарының жылдық қорытынды кеші салтанатты түрде өтті. Бұл шара жыл бойғы ең жарқын әрі маңызды оқиғалардың бірі болып, ауданның белсенді жастары мен оқушыларын бір алаңға жинады.
Кеш барысында шығармашылық топтардың әсерлі өнер көрсетулері, жылдық жұмыстың қорытындысы және үздік орталықтарды марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.
Алмалы ауданының демалыс орталықтары тұрғындарға сапалы қызмет ұсынып, оларды біріктіретін ерекше орындарға айналды. Бұл кеш – тек мереке ғана емес, келер жылға жаңа жоспарлар мен тың идеялардың бастауы болды.


