2026 жылғы 3 наурызда сағат 09:30-да, О407 аудиториясында «Теміржол көлігінің түйіспелі торап құрылғыларын пайдалану жұмыстарын орындау кезінде өндірістік процесті ұйымдастыру» тақырыбында мастер-класс өтеді. Іс-шара Алматы электрмен жабдықтау дистанциясының, АО «НК «ҚТЖ»» өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылады.
Мастер-класс білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытуға және теміржол саласындағы өндірістік құрылымдармен өзара байланысты нығайтуға бағытталған.
Теориялық бөлімде:
- түйіспелі торап желісінің қоректендіру және секциялау сұлбасы;
- түйіспелі торап бекіту және қосу элементтерін таңдау және негіздеу мәселелері қарастырылады.
Практикалық бөлімде:
- жұмыстарды орындау кезіндегі ұйымдастырушылық шаралар (наряд беру, жұмыс орнына жіберу, бақылау);
- техникалық қауіпсіздік шаралары (жұмыс орнын дайындау, қажетті ажыратулар жүргізу, қате қосылуды болдырмау, кернеудің жоқтығын тексеру, жерге қосу, ескерту және тыйым салу белгілерін ілу);
- технологиялық карталарға сәйкес технологиялық процесті орындау тәртібі таныстырылады.


