Алматыда қала әкімінің орынбасары Нүкенов А.Н. төрағалығымен жұмыс кеңесі өтіп, онда қаладағы жоғары оқу орындарының идеологиясын дамыту және олардың қызметін жетілдіру мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында қатысушылар білім беру ортасын жетілдіру, университеттердегі тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру, академиялық мәдениетті нығайту және студенттердің азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру бағыттарын қарастырды. Сондай-ақ ЖОО-лардың қалалық құрылымдармен өзара іс-қимылы, жастар бастамаларын іске асыру, академиялық ұтқырлықты дамыту және білім беру процесіне цифрлық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар жастар арасындағы профилактикалық жұмысты күшейту, университеттік ортадағы коммуникацияның тиімділігін арттыру, студенттер үшін қауіпсіз және қолайлы экожүйе қалыптастыру, кураторлық институт пен студенттік өзін-өзі басқаруды нығайту тетіктері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар Алматы қаласының жоғары оқу орындары мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара ынтымақтастықты күшейтудің стратегиялық маңызы бар екенін атап өтіп, заманауи әрі тұрақты университеттік экожүйені қалыптастыру жолында бірлескен жұмыстың қажеттілігін атап өтті.


