1 курс студенттерінің Ішкі істер Департаментінің өкілдерімен кездесуі 2024 жылғы 12 қыркүйекте өтті. Кездесу спикері болып Алматы қаласы ПД УАП жол және техникалық инспекциясы бөлімінің аға инспекторы полиция подполковнигі Сәкен Әбдіқалықұлы Айнақұлов сөз сөйледі. С.Ә.Айнакулов мопедтер, скутерлер және т.б. сияқты баламалы көлік түрлері туралы айтып берді. 2024 жылдың соңғы 8 айында мопедтердің қатысуымен 523 ЖКО орын алып, 535 адам зардап шекті, ал қозғалысқа 11 қатысушы қаза тапты. Скутерлерде 69 адам жол апатына ұшырады, 75 адам зардап шекті. ЖКО нәтижелері бойынша көліктің осы түрлерінде жаяу жүргіншіге 1337 соққы жасалып, 38 адам қаза тапты. Көліктің ең қауіпті түрлері жоғарыда аталған көлік болып саналады.
Өз баяндамасын қаланың бақылау камераларынан түсірілген бейнероликтермен сүйемелдеді. Студенттер скутерлер мен мопедистер жасаған жол-көлік оқиғаларын анық көрді. Кездесу соңында студенттер жүргізуші мен жаяу жүргіншінің жолдағы жүріс-тұрыс ережелеріне қатысты түрлі сұрақтар қойды.
Құрметті студент, әрқашан жолда сергек болыңыз!