Халықаралық студенттер күніне орай бір апта бойы жалғасатын “Almaty Students Week” апталығы жастардың шығармашылығы мен бірлігінің жарқын көрінісіне айналды! Апталық аясында қаламыздың «Ең Үздік студенттік тобы» анықталды!
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Алматы студенттер Альянсының ұйымдастыруымен өткен бұл шара аясында қаламыздың ең белсенді, креативті және ұйымшыл жастары сынға түсті.
Қаланың «Ең үздік студенттік тобы» атағы өз еңбегімен, білім мен белсенділікті ұштастыра білген жастарға бұйырды! Жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрады!
Бұл жеңіс – тек бір топтың емес, бүкіл Алматы студенттерінің жеңісі!


