Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті базасында робототехникаға мамандандырылған үшінші «Лу Бань шеберханасы» ашылды. Жоба Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздердің нәтижесінде жүзеге асырылды.
Робототехникаға арналған шеберхана студенттердің заманауи технологияларды меңгеруіне, инновациялық шешімдерді әзірлеуге қатысуына және жоғары технологиялық экономика секторларында жұмыс істеуге дайындалуына мүмкіндік беретін тәжірибелік оқыту орталығына айналады.
ALT Университетіндегі шеберхананың іске қосылуы Қазақстанның инженерлік білім беруді дамыту, озық технологияларды енгізу және цифрлық экономика мен көлік-логистика саласы үшін кадрлар даярлау стратегиясына сәйкес келеді.