2026 жылғы 11 қыркүйекте М. Тынышпаев атындағы ALT университетінде «САҚ» волонтерлер клубының студенттері мен магистранттары «ALTYN TIME мүгедектер қоғамы» ҚБ президенті, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі Республикалық үйлестіру кеңесінің мүшесі, Алматы қаласы бойынша инклюзияны дамыту кеңесінің мүшесі Сағат Саятұлы Омарғалиевпен кездесті.
Кездесу «Алматының кедергісіз қоғамдық көлігі» жобасы аясында өтті. Жобаның мақсаты — мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қоғамдық көлікте қолжетімді, қауіпсіз және құрметке негізделген орта қалыптастыру. Жоба көлік саласы қызметкерлерінің инклюзивті қызмет көрсету және дұрыс коммуникация дағдыларын дамытуға бағытталған.
Кездесу барысында қатысушылар:
жобаның алдағы бағыттары мен жоспарларын талқылады;
волонтерлердің жұмыс тәртібімен танысты;
кедергісіз орта және қолжетімді инфрақұрылым ұғымдарын қарастырды;
мүгедектігі бар және жүріп-тұруы шектеулі адамдардың қоғамдық көлікті пайдалану кезінде кездесетін негізгі кедергілерін талқылады;
студенттердің инклюзивті көлік ортасын дамытуға қатысу бағыттарын анықтады.
Ерекше назар мүгедектігі бар адамдармен дұрыс, қауіпсіз және этикалық қарым-қатынас жасауға, эмпатияны, коммуникациялық мәдениетті және әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға аударылды.
Кездесу аясында «САҚ» клубының қатысушылары ALT университетінің №1 Студенттер үйіне кампус-тур жасап, білім беру ортасындағы қолжетімді инфрақұрылыммен және инклюзивті орта қалыптастыру тәсілдерімен танысты.
Кездесуге белсенді қатысқан болашақ волонтерлер жобаға үлкен қызығушылық танытып, өз білімдері мен дағдыларын тәжірибеде қолдануға және инклюзивті бастамаларды іске асыруға дайын екендерін білдірді.
Жобаны іске асыруда Офис инклюзивті білім беру және менталдық денсаулықтың жетекшісі Дария Рахималиевна Шабденованың ұйымдастырушылық және үйлестірушілік рөлі ерекше. Офис студенттерді инклюзия мәселелеріне тартуға, практикалық құзыреттерін дамытуға және университетте кедергісіз ортаны қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмысты жүзеге асыруда.
Жоба БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен үндеседі:
ТДМ 3 — Денсаулық және әл-ауқат
ТДМ 4 — Сапалы білім
ТДМ 10 — Теңсіздікті азайту
ТДМ 11 — Тұрақты қалалар мен елді мекендер
ТДМ 17 — Тұрақты даму жолындағы серіктестік
Жоба ALT университетінің Тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаментінің Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық офисі мен «ALTYN TIME мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бірлескен бастамасы ретінде жүзеге асырылуда.
Кедергісіз орта түсіністіктен, құрметтен және әрекет етуге дайындықтан басталады.
Автор: Шабденова Д. Р.


