Select Page

Желтоқсанайының 3 мен 5 аралығында М.Тынышбаев атындағы ALT Университетінде теміржол саласындағы әлемдік көшбасшы Alstom компаниясының өкілдері студенттермен кездесіп, қонақ дәрістерін өткізді. Спикерлер: Габбасов Арман, рекрутинг менеджері, және Қуаныш Мукушев, жобалық менеджер.

Дәріс «Alstom: болашағың осы жерден басталады» тақырыбына арналды. Компанияның жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу және көлік саласының болашағын қалыптастыру миссиясы осы тақырыпта толық көрініс тапты.

Қатысушылар Alstom компаниясының тарихы, Қазақстанда және әлемде алатын орны, жаһандық қызметі, стратегиялық жобалары және Қазақстандағы теміржол инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі туралы тың мәлімет алды. Арман Габбасов стажировка бағдарламалары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, кандидаттарға қойылатын талаптар және болашақта сұранысқа ие болатын құзыреттер туралы айтты. Қуаныш Мукушев Alstom-ның Қазақстандағы жобалары жөнінде бөлісіп, жобалық менеджердің атқаратын рөлі мен міндеттері туралы түсіндірді.

Бұл дәріс студенттерге сала мамандарымен тікелей байланыс орнатуға, жұмыс беруші талаптарын нақты білуге және теміржол саласындағы мансаптық мүмкіндіктерді терең түсінуге мүмкіндік берді.

Skip to content
Приемная комиссия