12.12.2025 күні университет қабырғасында ALT студенттер Альянсы ұйымының қорытынды концерті жоғары деңгейде өтті.
Бұл кеш — өнер мен эмоцияға толы сахналық қойылым ғана емес, ең алдымен еңбек, адалдық және белсенділіктің бағаланған сәті болды. Қорытынды концерт аясында жыл бойы ұйым дамуына өз үлесін қосқан белсенді студенттеріміз алғыс хаттармен және төсбелгілермен марапатталды.
Бұл марапаттар — әрбір белсендінің атқарған еңбегіне көрсетілген құрмет, ұйым жолында жұмсаған уақыты мен күш-жігеріне білдірілген шынайы алғыс.
Концерт барысында студенттердің шығармашылығы, өнерге деген сүйіспеншілігі мен бірлігі айқын көрініс тапты. Сахнадағы әрбір номер көрерменге ерекше әсер сыйлап, кештің атмосферасын одан әрі жандандыра түсті.
ALT ALIANSY — бұл тек ұйым ғана емес, ортақ мақсат, бірлік пен дамуға ұмтылған жастар қауымдастығы.


