Тағы да жеңіс! Құттықтаймыз!
Логистика және көлік академиясының Алматы колледжінің 2 курс студенті Қайрат Нұрбек қоян-қолтық ұрыстан Республикалық ашық турнирде 57 келі салмақ дәрежесінде жүлделі III орынды иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жетістік – табандылық пен тынымсыз еңбектің нәтижесі. Алдағы жарыстарда да сәттілік серік болып, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектеспіз. Жетістіктерің көп болсын, спорттағы жолың әрдайым ашық болсын!


